Өзіңді қалай сүюге болады: психолог кеңесі
Өз өзіңді сүю соншалықты оңай болып көрінеді. Өзіңнен жақын кім бар? Сонда, адамдарды көбінесе өз-өзіңді қалай сүюге болады деген сұрақ мазалайды. Адам неге өзін бағаламайды екен. Біреулер мінезінен мін іздейді, біреулер сыртқы түрін өзгерткісі келеді, кей адамдар біреудің аңдаусызда айтқан сөзін көтере алмайды.
Әріптестер арасындағы қарым-қатынасты қарастырсақ, махаббат – ол жақсы көру дегенді білдіреді. Алғашқыда физиологиялық тұрғыдан құмарлық, ынтызарлық пайда болады, уақыт өткен сайын, белгілі бір адаммен бақытты өмір сүру үшін кей кезде көзіңді жұмып байқамағандай болуың қажет, ал кейбір нәрселерді өзгерту қажет екенін түсінесің. Бұл жерде екі ұшты ұғымды өткізу қажет және болады. Бұл жерде, өзіңе нені кешіруге дайынсың, ал нелерге әлі де болса жұмыс жасау қажет екенін ажырату қажет.
Бірінші қадам: кешіре алу қажет
Кешіру – аттап өтуге болмайтын басты қадам. Әр адамның өмірінде еске алғанды жанын қинайтын, қиналатын, өкінішке толы сәттер бар. Дәл осы кезден өз-өзіңді қалай жақсы көруге болатынын бастауға болады. Осы сәттер туралы ойлап, өткенді өзгерте алмайтыныңды саналы түрде аңғар, ал олар үшін болашағыңа балта шабудың қажеті бар ма?
Екінші қадам: құрбан ролінен құтыл.
Өзін жақсы көрмейтін адам, бақытты бола алмайды, өйткені адам бақыты, сыртта емес адамның ішінде. Өзін қалай жақсы көруге болатынын ойластырған адамдардың көбісінің түпкі мәселесі сонау балалық шақтан бастау алады. Ата аналар сыпайы, салмақты бала тәрбиелейміз деп, сені біреу ренжітсе көңіл бөлме, кешіре сал дейтін.
Бұл дұрыс, бірақ әр нәрсенің шегі бар. Адам есейгенде, ол өз-өзін жақсы көру маңызды емес деп ойлайды, үндемей құтылуға үйреніп қалады, басқалардан жабылады. Бірақ есейе келе, тек өзіңді жақсы көру бұл қалыпты екенін түсінеді. Әрине, біреудің басынан аттап, сыйламауға болмайды, бірақ өзіңді және өз өміріңді құрбан етудің қажеті жоқ.
Үшінші қадам: өзіңе деген махаббат дегеніміз не?
Өз-өзін жақсы көру адам бойында гармонияны оятады, топ ішінде де, жалғыз болғанда да өзін жақсы сезінеді. Ол өзіне өзі сенімді, басқа адамдарға тәуелділік жоқ. Ол өз жолымен ғана бара жатқанына сенімді, өз қателерін құрметтейді, олардың болмауы мүмкін еместігін түсінеді.
Өздеріңе басқа адамның көзқарасымен қарап көріңіздерші, өз өзіңе жақсы дос болсаң сезіміңді қайтіп білдірер едің? Өздеріңді қалай жақсы көруге болатынын білгілерің келе ма? Бұл өте оңай. Бір парақ қағаз алып, сіз үшін махабаттың не екенін жазыңдар. Әдетте бұл тізім осындай болады:
Өз өзіңді күту өте маңызды. Бұл пунктқа салауатты өмір салты мен сыртқы түрің кіреді. Өздеріңді күтіңдер, дұрыс тамақтанып, белсенді демалыс ұйымдастырыңдар, дене, тіс, шаштарыңды күтуді ұмытпаңдар. Сыртқы бейнесі келісті адам өзін өте жоғары бағалайды.
Өздеріңді еркелетіңдер. Бірақ бұны дұрыс жасау қажет: егер дене сымбаттарыңызды қалпына келтірем десеңіз, тәтті тоқаштар емес, жаңа спорттық киім алғаныңыз дұрыс.
Сүйіті адамыңа достық қолдау қажет, кейде тіпті өзімшіл, бруталды ер адамның өзіне де шер шығару қажет. Келеңсіздік болған жағдайда, өз-өздеріңмен сөйлесуге тырысып көріңдер, мәселе шешімін іздеп, қолдау айтып, алға ұмтылыңдар.
Адам бір орында тұра алмайды, оған өсу маңызды. Адамға әрдайым өсіп, дамып, жаңашылдықты танып, көру қажет, күн сайын. Егер білім мәселесінде барлығы жақсы болса, бар болған күнделікті жатар алдында пайдалы әдебиеттерді оқып, мәселені шештік десек, нақты әрекет ету қиынырақ.
Өзіңе бұрын соңды жасап көрмеген әрекетке итермелеу, жаңашылдықты бастауға көбіне біз бұған дайын болмсаймыз, себебі қорқамыз. Сізге қажет өзгерістер, өздерінен өздері болмайды, тәуекелге бел буып, қадам жасаңыз, және бұдан кейін болған өзгерістерден алған ләззат сезімі келесі жолы қорқынышты толықтай жабады. Бұл жерде, өзіңе қателік жіберуге рұқсат беру, өйткені қателіктер де дамудың бір бөлігі.
Алдыңғы тұжырыммен тағы бір тұжырым байланысып тұр – өз-өзіңді мақтау қажет, тіпті ұсақ-түйек үшін де. Жүйелі түрде мақтау өз-өзіңе сенімді арттырып, тоқтамауға түрткі болады.
Әрине сіздің өз тұжырымдарыңыз болады. Соларға бағытталу қажет. Жиі кездесетін мына жайтқа көңіл бөлген жөн: өздеріңді сынауды қойып, өзіңді жаратушы жаратқан күйіңде жақсы көр. Бұл тұжырымды рационалды ой бар, бірақ өміріңе риза болмасаң, өзгерістерден қашпа. Өзіңді сынау болуы қажет, бұл дамудың түрткісі, бірақ сәл бағыты өзгерту қажет. Мысалы, жүдегісі келетін қыздар өздеріне «мен семіз сиырмын» демей, «менің мақсатым бар, мен өзім армандаған дененге қол жеткізе аламын ».
Өз-өздеріңді қалай жақсы көруге болатынын сіз не үшін екенін білгенде ол тұжырымдар сізге қажет болмайды. Әр адамның бойында жақсы қасиеттер бар, тек бұны толықтырып, дамыту қажет. Бұл сұраққа жауап іздеп жүргеніңіздің өзі құрметке лайық іс, өйткені сіз өзгергіңіз келеді, демек өмірді жақсы жаққа өзгерткіңіз келеді.
Психолог кеңесі:
Өзіңе деген көзқарасты өзгерту үрдісі – өте ұзақ және күрделі үрдіс. Өз-өзіңді қалай жақсы көруге болады деген мәселеде бұны саналы сезінгеніңіз жөн. Өздеріңе деген жұмыс жүргізу кезінде нәтижесін ең кемі үшй айдан кейін, немесе бірнеше айдан соң сезінесіз.
Жоғарыда келтірген мақалада, сізге пайдасын тигізер кеңестер сөзсіз бар. Олардың кейбірін, өзімнің ойларыммен біріктіре келе, өзіңді қабылдау үшін, өзіңе деген махаббат пен құрмет сезімін қалыптастыру үшін сіздерге келесі тізімді ұсынамын. Жоқ, барлық жаттығуларды бірінен соң бірін орындаудың қажеті жоқ, тек нәтижесін алам десеңіз әрқайсысына уақытыңыз бен назарыңызды аударған жөн.
«Өз-өзіңді құрметтеу» жаттығуы
Өзіңді жақсы көру және жалпы махаббат сезімін қалыптастыру жолында міндетті шарттардың бірі. Және мен сізге бір апта уақытыңызды (кем емес) өз бойыңыздағы мықты жақтары мен құндылықтар тізімін құруға беру қажет деп ұсыныс білдіремін.
Балалық шақ пен бозбала шағыңды еске түсіріп, сізді қызықтыратын тұлғалар туралы мәлімет оқыңыз, керемет қасиеттерін зерделеіз. Мәселе тек қана жалпы адамзатқа тән қасиеттер туралы емес (коммуникативтілік, жауапкершілік), жіне тек сізге тін қасиеттерді де. Мүмкін сіз шеберлікпен өлең оқып, айналадағы адамдардың көңіл күйіндегі өзгерістеріне сезімталсыз ба әлде, сіз уақытты жақсы сезініп, сізге сағаттың қажет жоқ шығар!?
«Өзін жақсы көретін адам, кім ол?» жаттығуы
Сіөздің ойыңызша осы адам өзін керемет жақсы көреді-ау деген адамды сипаттаңыз, жазбаша түрде, барлық ұсақ-түйегіне дейін, тек сіздің ойыңызға келетін: Ол қалай киінеді, Айналадаығ адамдармен қалай сөйлеседі? Адамдар оған қалай қарайды? Ол нені және қашан жейді? Бос уақытында немен айналысады? Қандай сезімдерді бастан кешіреді? Күннің әр түрлі кезеңінде нені ойлайды?Ж Өзін қалай ұстайды? Кім болып және қайда жұмыс жасайды? Ж.т.с. ж.т.б
Егжей-тегжей сипаттамадан кейін салыстырмалы талдау жазыңыз: сипатталған адамның сізден қандай айырмашылығы бар, қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Ұқсастықтары, бұл адамның қасиеттері сізде де бар екенін көрсетеді, ал айырмашылықтары әлі де жұмыс жасау қажет жақтарын көрсетеді.
Бұл жерде келесі жағдайды естен шығармау қажет: біздің ішкі өміріміз бен сыртқы жүріс тұрысымыз өзара байланысты, бір біріне әсер етеді, өзін өзі жақсы көретін адам сияқты қадам жасағанда, сіз нақты сондай адамға айналасыз.
Мынадай қарапайым мысал қарастырайық: менің көңіл күйім жақсы, мен күлімсіреп отырмын. Алғашқы не болуы мүмкін? Ғалымдардың пікірінше, жақсы көңіл күйден кейін ғана күлімсіреу заңды құбылыс деген тұжырым дұрыс емес, шын ниетпен күлген адамның көңіл күйі көтеріледі. Сондықтан егер сіздің елестетуіңізде өзін жақсы көретін адам күнде таңертең жаттығу жасап, көп жаяу жүріп, массажға барыт тұрса, сіз де таңертең жаттығу жасап, көп оқып, массажға барыңыз, біраздан соң бойыңызда өзгерістердің пайда болғанын сезінесіз.
«Мақтау күнделігі» жаттығуы
күнде өзіңізді мақтауға боларлық істерді жазу үшін күнделік ашыңыз. Тіпті ең сәтсіз өткен күндерде де өзіңіз үшін жылы сөз табуға болады, өйткені күнде күнде біз «кішігірім» даңқты істер жасаймыз: «жұмысқа кешікпей келдім», «әріптесіме жылы сөз айттым», «торттың екінші (үшінші, төртінші) бөлігін жеуден өзімді тоқтаттым», «бүгінге қойылған міндеттердің барлығын орындадым» және т.с.с. «Мақтау күнделігі» орнына «алғыс күнделігін» ашуға болады, ол күнделікке сіз өткен күнге деген алғысыңызды, айналадағы адамдар мен өзіңізге деген алғысыңызды білдіресіз. Жаныңызға жақын күнделік форматын таңдайыңызға болады.
Өзіңді қабылдау және жақсы көруге бағытталған осы жаттығуларды мұқият орындау, өзіндік талдау, өз өміріңе жағымды өзгерістер енгізіп, жақсылықтан үміт ету міндетті түрде өз нәтижесін береді. Соңында тағыда айта кететін жайт: өзіңе деген көзқарасыңды өзгерту үрдісі жеке өзің бастап, жүргізу күрделі іс. Бұның себебі біздің психикамызда болып тұр. Адам қиналып туады, тек жайлылық аумағынан шығып қана қиыншылықтарды, өзін жеңіп, дамиды, демек адам өмір бойы әр түрлі жарақаттарды бастан кешеді (кіші, үлкен, сезімтал және онша емес) және оларды жеңуге үйренеді. Нәтижесінде адамның психологиялық қорғанысы пайда болып, ол бізді стресстерден, келеңсіздіктерден, артық мазалағыштықтан, ішкі дағдарыстардан қорғайды. Бірақ, соынмен қатар, психологиялық қорғаныс бізді объективті ойлаудан арылтады, «біздің» санамыздан маңызды ақпаратты жауып, бір біріне ұқсас қателіктерді қайта қайта жасауға итермелейді. Осылайша, біз өткеннің қандай ойлары, қателіктері, оқиғалары біздің «өзімізді жақсы көрмеуімізді» қолдайтынын аңғармай да қаламыз.
Егер сіздің ойыңызша аталған жаттығулар мен ұсыныстар өзіңе деген махабатты күшейтуге жеткіліксіз болса, өз бойыңыздағы сезінуіңізді өзгерту үшін, қорғаныстармен түзілген бойыңыздағы «соқыр дақтарды» көру үшін психолог немесе психотерапевттің көмегіне жүгінгеніңіз жөн.