«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түлектер

Біздің мақтанышымыз.

Ауылшаруашылық өндірісін дамытуға өздерінің үлестерін қосқан, өз ісінің кәсіби шебері атанған біздің көптеген түлектеріміз жетерлік.
Оларды атап өтсек: Ерохин В.Ф., Пахомов Н.В., Романчук, Боргуль А.И., Черненко В.А., Николаев П. П., Благовисный И. М., Благовисный С. М., Дзюба А.Н., Қалиев Н., Шкуринский И.Н., Таранченко Н.Ф., Мерендинов Г.,  және басқалары.
Кейбір түлектеріміздің ішінде ірі ғалым атанғандары да баршылық, біздің олармен  мақтануымызға құқымыз бар:
- Эрвин Францевич Госсен (нем. Erwin Gossen, 1931 жылы 18-шілдеде , Днепропетровск облысында дүниеге келген) — Кеңестік ауылшаруашылығы саласының ғалымы, Қазақстанның  қоғам қайраткері, ауылшаруашылық ғылымының докторы (1991), профессор, ҚР ҰҒА Академигі
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. Ленин сыйлығының лауреаты (1972) жел эрозиясынан топырақты қорғау жүйесінің әзірлеушісі ретінде.
Қотыркөл зооветтехникумын үздік аяқтады (1953). Омбы ауылшаруашылық институтын бітірді.
1954 жылдан бастап қайта құру уақытына дейін Қазақ ғылыми-зерттеу институында дәнді дақылдар шаруашылығында Қазақстанның белгілі ғалымы  А.И.Бараевпен бірге қызмет атқарды.  (В. Р. Вильямс атындағы Қазақ  ҒЗИ).
1959 жылдан — аға ғылыми қызметкер, агротехникалық талаптар және агротопырақ бөлімінің машиналарын және құралдарын бағалау зертханасының меңгерушісі.
1969 жылдан 1982 жылға дейін — астық шаруашылығы Дүниежүзілік ҒЗИ ғылыми директорының орынбасары.
1982 жылдан 1984 жылға дейін — ВО ВАСХНИЛ төрағасының орынбасары.
1984—1996 жылдары — Қазақ ауылшаруашылық ғылым академиясының, егіншаруашылығы, химизациялау, су және орман шаруашылығы және агроэкология бөлімінің  академик-хатшысы.
1996 жылы — жасы келуіне байланысты зейнеткерлікке шықты,  Қазақ мемлекеттік университетінің егіншаруашылығы және тәжірибелік іс кафедрасына шақырылды, мұнда егіншаруашылығына байланысты топырақты қорғау бойынша дәріс оқыды.
1998—1999 жылдары — В. Р. Вильямс атындағы Қазақ ҒЗИ егіншаруашылығы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.
1999—2003 жылдары —  «Акцент-Астык», «Акцент-Агрохим» кеңесші
2003 жылдан — ҚазҒЗИ өсімдіктерді қорғау және карантин бөлімінде бас ғылыми қызметкер.
2007 жылдан — Бурабайға тұрғылықты жерін ауыстыруына орай (ұлттық парк), Эрвин Францевич Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде  география және экология кафедрасында қызмет атқарды.
Ордендермен марапатталды: Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» және  Достық (1997). Оның есімі «Үздік адамдар» Халықаралық энциклопедиясына енді.
Х.Р. Шоль  « Торайлардың колибактериозы (таралуы, биологиялық қасиеті және емдеу» диссертациясының авторы,  Ветеринария ғылымының кандидаты. Фрунзе. 1981
- Бекен Окенович Алимжанов - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы.1947 жылдың 24 наурызында дүниеге келген, ұлты қазақ.  Білімі: Көкшетау облысы Қотыркөл техникумының зоотехникалық бөлімі (1963); К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының зоотехникалық факультеті (1972); ғалым  зоотехник. Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы,  профессор. Соңғы жұмыс орны: Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің  депутаты.  Өкілеттілігінің басталу мерзімі: 2007 жылдың 2 қыркүйегі.
2008 жылы Б.О. Алимжановқа  Құрмет медальі және Ұлттық сонымен қатар халықаралық деңгейде білім беруді дамытуға үлкен үлесін қосқаны және адамдардың өмірбаянының анықтамалық басылымына оның өмірбаяны енуімен «Білім беру саласында әлемнің жетекші қайраткері- 2008» номинациясындағы IBCКембридж университетінің (Ұлыбритания) Халықаралық биографиялық орталығының Құрмет грамотасы табыс етілді.  Сол жылы оған «Приишимский» қазақтың қара ала басының жаңа түрлерін шығару» тақырыбы бойынша аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін А.И.Бараев атындағы Мемлекеттік сыйақы берілді.
Е.Ш. Шекенов ветеринарлық ғылым докторы, «Аң аулауға арналған жер-су және аң аулау құрылғыларының типологиясы» авторы, Астана, 2002 ж., Мал шаруашылығы терминдерінің ғылыми түсіндірме сөздігі: Оқу құралы.- Астана:ҚазМАТУ, 2007, возглавлял кафедру ҚАЗАТУ «Зооветеринария» кафедрасын басқарды.  (1995-1998).
Ю.Г. Кириллов экономика ғылымының кандидаты,  Омбы мемлекеттік университетінің экономика факультетінің деканы.

Жаңартылған күні: 28.01.2019 20:09
Құрылған күні: 25.01.2022 09:06

Текст