Колледж кітапханасының жалпы ауданы 273,8 шаршы метрді құрайды. Басты кітап қорын сақтау бөлімі колледждің бірінші қабатында орналасқан. Оның жалпы ауданы 132,1 шаршы метр.Оқу залы 36 орынға есептелген. Абонемент оқу залымен біріктірілген.
Оқырмандарға қызмет көрсету, оқырмандардың формулярды пайдалануларымен дәстүрлі режимде жүргізіледі.Пайдаланушыларды негізгі ақпараттармен қамтамасыз етуанықтауыш-ақпараттық аппараттың болуымен болып табылады. Кітапханада дәстүрлі режимдеәліпбилік және жүйелік каталогтар жүргізіледі, сонымен қатар электрондық каталог; картотека оқу-әдістемелік әдебиет картотекасы жәнемақалалардың жүйелі картотекасы жүргізіледі.
Кітапхананың барлық қызметінің негізгі міндеті кітаппен қамтамасыз ету нормалары және студенттерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады. Студенттерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету коэффициентінормаларға сәйкескеледі
Колледжде барлық қажеттіжалпыбілімдік, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік- экономикалық, жалпыкәсіптік және арнайы пәндер бойынша, соның ішінде мемлекеттік тілде оқу, учебно-әдістемелік базасы бар.
Колледжде қалыптасатын кітапхана қоры, мәдениет деңгейін арттыру, өзіндік білім алуға көмек беруге білімнің барлық салалары бойынша пайдаланушылардың сұранысын орындауды қамтамасыз етеді, білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық пәнде бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Колледж кітапханасының кітап қоры38276дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 4200 дана. Комплектілеудің басымдық бағыттарыкәсіптік-техникалық білім беру үшін, әлі күнге дейін оқулықтар жәнеоқу-әдістемелік құрал болып қала береді.
Оқу әдебиеттері кітапханада 22935 дана. Жыл сайын кітапхана қорына 500 кітаптан 1500 ге дейін кітаптар түседі. 2014 жылы колледж жалпыбілімдік пәндер бойынша 60000теңге сомасында 20 дана электрондық оқулықтар алса, ветеринария пәні бойынша 48690 теңге сомасында 25 оқулық алды.
Республикалық бюджеттен 2015 жылдан 2017 жылға дейін 4628517 теңге бөлінді, үш жыл ішінде -3248 оқулықтар алынды. 2015 жылы 754350 теңге сомасына 1155 дана оқулық 2016 жылы 638180 теңге сомасына 459 дана кітап алынды. Есеп беру жылында кітапхана 3235987 теңге сомасындағы 1634 дана жаңа оқу құралдарымен толықтырылды.
Кітапхана қорын сақтау мақсатында оқу құралдарының жағдайы, оларды өз уақытында кітапханаға қайтару жұмыстарына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі.Ескірген әдебиетттерді кітапхана қорынан алужүйелі түрде жүргізіледі. Кітапханада жаңадан түскен және тозығы жеткен әдебиеттерді есепке алу қатаң жүргізіледі және қорды тұрақты түрде тексеру, бухгалтериямен салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Кітапхана Ғаламторға шығумен 8 компьютермен жабдықталған. Электронды оқу залыоқушыларға электрондық оқулықтарды ұсынады, соның ішінде колледж оқытушыларының электрондық оқулықтары, бейне – сабақтар, әдістемелік құралдар, энциклопедияларжәне сөздіктер, оқу бейнефильмдері. Электронды оқу залында жаңа техникалық құралдарды пайдаланумен, интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланумен тәжірибелік сабақтар жүргізуге болады: электрондық оқулықтарды, оқу фильмдерін көрсете отырып, бейнепроектормен, теледидармен жұмыс жасау;аз түрде қолданылатын ғылыми баспасөздер, жетіспейтін оқулықтарды сканерден өткізу, оқушылардың кең шеңбердегі жұмыстары үшін, электронды форматқа ауыстыружұмыстарын жүргізуге болады.
Колледждің барлық оқытушыларымен студенттер үшін оқу-әдістемелік кешендері әзірленген, ол электронды түрде, оқу залында сақталынған.