Текст
17 сәуір күні ауыл шаруашылық колледжінде "Арман" орталығының психологы Г. А. Анисимова мен полиция майоры А. Р. Рысбаеваның қатысуымен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша іс-шара өтті. Дәріс барысында қыздарға ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын алу және олардың салдары бойынша оқыту бейне-материалдары көрсетілді, онда психологиялық және медициналық жақтары ашылды. Өз кезегінде Анара Рамазанқызы бұл мәселенің заңды жағын айқындады.