«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нұскаулық карта А/ш малдарын азықтандыру пәнінен

18.04.2019

Нұскаулық карта  А/ш малдарын азықтандыру пәнінен.

Тәжірибиелік сабақтын өту орыны:Колледж зертханасы      

Тақырып: Азықтың ылғалдылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Азықтың ылғалдылығын анықтау әдістерін үйрену.

Жұмысқа қажетті  жабдықтар. Тараз ВТК, ВЛТК. Қайшы, сабан кескіш ИСР-1,ИСР-2, кептіргіш шкаф, ИСР-1, кювет, форфор немесе алюмин ыдысы.Влагомерлер Фауна-М,wele-55.

Жұмысқа қажетті оқулық:  Мал азығын бағалау  оқулығы 2005 ж. Алматы.

Жұмыстың орындалу тәртібі.

1. Зерттейтін азықты үлгіні алып ұсақтаймыз 1-2 см сабан кескішпен. Тамыр түйнекжемістерді жұқалап таяқша тәрізді кесіп, жіпке немесе шпагатқа тіземіз арасын ашып кою қажет.

 2. Алюмин немесе форфор ыдысын нөмірлеп кептіргіш шкафта кептіреміз 80-100 С 1 сағат.Эксикаторға салып суытамыз одан кейін өлшейміз таразда .Салмағын жазып аламыз.

3. Ыдысқа зерттелетін азықты салып, кептіргіш шкафқа 110-120 С. Біраздан кейін  60-65 С температураға түсіреміз, одан кейін қараймыз. Азық құрғақ болуы қажет.

4. Кептіргіш шкафтан қысқышпен алып эксикаторда суытамыз 20 минут

5. Содан сон таразға салып салмағын өлшейміз.Дәптерге формула бойынша есеп жургіземіз.Нәтижесін жазамыз.Сонғы өлшемден аламыз бастапқы өлшемді анықталады су көлемі,кептіргенде жоғалғаны.

Түйнек тармыржемістерді дайындап кептіреміз. 3-4 күн зертханада, шкафқа кептіріп, 60-65 С алып үгітеміз, арнайы ыдысқа саламыз.

Формуласы: 1. Салмағы баста-                            
                  2. Салмағы кейін-

Есеп. Х = В х 100
                      а                            Онда. Х - % басты салмағы
           В – су көлемі, кептіргенде жоғалған
           А – үлгі салмағы, зерттеуге алынған.
           100 – пайыздық коэффициент.

6.Влагомермен  арпа, бидайдін ылғалдылығын анықтау.Нәтижесін күнделікке жазу.

 

 

 

          Нұсқаулық карта А/ш малдарын азықтандыру пәнінен.

                Тәжірибиелік сабақтын өту орыны:Колледж зертханасы,мал фемасы      
                  Тақырып:
Жемшөптің нәрлі заттарының қорытылуын  бағалау.

Жұмыстың мақсаты: Қоректік заттардың қорытылуын анықтау әдісімен танысу. Қоректік заттардың қорытылу коэффициентін есептеуді үйрену.

Жұмысқа қажетті оқу құралдары мен жабдықтар. Малды азықтандыру мөлшерлері, жемшөптің химиялық құрамы көрсетілген кестелер.

Жұмыстың мазмұны. Жемшөптің құрамындағы қоректік заттардың, азық қорытылу барысында қан арқылы малдың бойына сіңірілуі азықтың қорытылуы деп  аталады. Оны жемшөппен қабылданған қоректік заттар мен нәжіспен бірге шыққан заттардың арақатынасы арқылы анықтауға болады.
Қорытылған заттың қабылданған затқа қатынасын процентпен белгілеуді қорытылу коэффициенті деп атайды ҚК.
            ҚК = Қорытылған қоректік заттар х 100%
                               Қабылданған заттар

Мысал. Сиыр жепшөппен бірге 400 г протеин қабылдады, нәжіспен бірге 100 г шығарылды, сонда қорытылғаны – 300 г (400 – 100). Осыған байланысты протеиннің қорытылу коэффициенті:
    400 – 100 %
    300 – х

                           Х = 300 х 100  = 75 % болады.
                                       400

   Жемшөптің құрамындағы қоректік заттардың қорытылуын бағалаудың екі түрлі әдісі бар: бірінішісі қарапайым түрі – тәуліктік жемшөп мөлшеріндегі қорытылатын заттарды анықтау, екіншісі күрделілеу – тәуліктік жемшөп мөлшерінің құрамындағы азықтардың қоректік заттарының қорытылуын анықтау.
   Қарапайым әдіс бойынша қоректік заттардың қорытылуын төмендегі тізбек бойынша есептейді: қабылданған қоректік заттар (г), шығарылған заттар құрамы (г), қорытылған заттар (г), қорытылу коэффициенті (%).

                                                                                                       1-кесте
                Жемшөп пен нәжістің құрамындағы заттар (%)

Көрсеткіш

 Протеин

   Май

   Жасұнық

   АЭЗ

Пішен

Сұлы сабаны

Жүгері сүрлемі

Күнбағыс күнжарасы

Нәжіс

    9,6

    4,0

    2,5

    43,1

     2,2

   2,3

   1,9

   1,0

   7,5

    0,8

     25,9

     34,3

      7,8

      13,7

      10,0

   39,6

   39,0

   12,4

   20,4

    8,0

 

Мысал. 1 – кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша қоректік заттардың қорытылу коэффициентін есептеу қажет: сиыр тәулігіне 6 кг жоңышқа пішенін, 3 кг сұлы сабанын, 30 кг жүгері сүрлемін және 1 кг күнбағыс күнжарасын қабылдаған. Тәулігіне сиыр орташа 25 кг нәжіс шығарды. Жемшөп пен нәжістің (%) құрамы жоғарыдағы кестеде келтірілген.
    Жемшөп мөлшеріндегі қоректік заттардың қорытылу коэффициентін есептейтін мысал төмендегі кестеде көрсетілген.

                                                                                                          2-кесте.
                               Қорытылу коэффициентін есептеу

Көрсеткіш

 Протеин

 Май

  Жасұнық

 АЭЗ

Қабылданғаны:

Пішенмен (г)

Сабанмен (г)

Сүрлеммен (г)

Күнжарамен г

Барлық қабылданғаны (г)

Нәжіспен шығарылғаны (г)

 

  576

  120

  750

  431

  1877

  550

 

   138

    57

   300

   75

   570

   200

  

    1554

    1029

    2340

    137

    5060

    2500

 

  2376

  1170

  3720

  204

  7470

  2000

 Қорытылғаны (г)
Қорытылу коэффициенті (%)

1327
70,7

370
64,9

    2560
    50,6

  5470
   73,3                    

 

Кестеде көрсетліген мәліметтер бойынша, сиыр ағзасында 1 тәулікте 1877 г протеин қабылданған 576 + 120 + 750 + 437. Нәжіспен 550 г протеин шығарылған, нәтижесінде 1327 г протеин қорытылып, сіңірілген. Сондықтан протеиннің қорытылу коэффициенті:
  1877 – 100 %
   1327 – х

                       Х = 1327 х 100% = 70,7 % - ға тең.
                                   1877

Осы тәртіппен басқа қоректік заттардың да қорытылу коэффициентін есептейді.

Жұмыстың орындалу тәртібі.
1. Жұмыстың мазмұнымен танысып, жемшөптің құрамындағы қоректік заттарлдың қорытылуын есептеу.
2. Тапсырмалардағы мәліметтерді пайдаланып мал азығының құрамындағы қорекьік заттардың қорытылу коэффициентін есептеу, азықтың құрамындағы  протеиннің қатынасын анықтау.
   1-тапсырма. Сиырдың тәуліктік жемшөп мөлшеріндегі қоректік заттардың қорытылу коэффициентін есептеу. Жемшөп мөлшерінің құрамына 8 кг табиғи пішен, 30 кг жүүгері сүрлемі, 3 кг кебек кіреді. Орташа есеппен мал бір күнде 25 кг нәжіс шығарған. Заттардың құрамы 3 – кестеде көрсетліген.
                                                                                                                            3-кесте
                   Жемшөп пен нәжістің құрамындағы заттар (%).
 

Көрсеткіш

     Протеин

     Май

     Жасұнық

      АЭЗ

Табиғи пішен

Жүгері сүрлемі

Кебек

 Нәжіс

        8,5

        2,4

       15,5

        2,0

     2,6

     1,5

     4,2  

     1,2

       25,0

       8,0

       8,0

       9,0

       42,0

       12,2

        53,0

        7,0

 

2-тапсырма. Азықтардың құрамындағы қорытылатын протеиннің бөлігі мен қорытылатын май, қорытылатын жасұнық және азотсыз экстрактивтізаттардың бөліктерінің қатынасын анықтау. Тапсырмаларды 3 – кестедегі мысалға қарап орындау.

Нәтижесін күнделікке жазу



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.04.2019 14:55
Құрылған күні: 18.04.2019 14:55

Текст