Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі МКҚК
Государственное коммунальное казенное предприятие "Сельскохозяйственный колледж, село Катарколь Бурабайского района"Акмолинской области

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шаңырақ» Жастар Орталығының қызметі туралы Ереже

08.04.2019

«КЕЛІСІЛГЕН»

 

директордың ТІ жөніндегі орынбасары

___________________

Жансеитова А.С.

«БЕКІТЕМІН»

 

Колледж директоры

 

___________________

Савельев С.Б.

 

 

 

«Шаңырақ» Жастар Орталығының қызметі туралы Ереже

 

Жалпы ережелер:

 

  • «Шаңырақ» Жастар Орталығы оқу орнын басқарудың  белсенді жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, ол білім алушылардың, және олардың қоғамдық органдарының  жеке басқару қызметін бөлуге мүмкіндік береді;
  • Нақты бағыттар бойынша жұмыстарға тәжірибелік көмек көрсету үшін комиссиялар құрылады;
  • «Шаңырақ» Жастар Орталығының органдар құрылымы, олардың қызметі, бағыттары мен жұмыс жасау формалары білім алушылардың жалпы жиналысында колледж директорының келісуімен қабылданған  осы ережемен анықталады;
  • Топ ішінде өзіндік басқару оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру мақсатында, колледж педагогтары мен білім алушылардың тиімді байланысы, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекетті үйлестіру мақсатында  жүзеге асырылады;
  • «Шаңырақ» Жастар Орталығының отырыстары жоспарлы түрде білім алушылардың түрлі оқу, қоғамдық еңбек, мәдени әрекеті мәселелері бойынша өткізіледі .

 

«Шаңырақ» Жастар Орталығының қызметінің мақсаты

Негізгі және жалпы мақсаты – өз еңбегінің нәтижесі мен сапасына жауапты бола алатын, жоғары адамгершілік пен кәсіби мәдениетін, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру.

 

«Шаңырақ» Жастар Орталығының Міндеттері

«Шаңырақ» Жастар орталығының негізгі міндеттері:

  • жеке және қоғамдық маңызы бар, ортақ мақсатпен біріккен, оқушылар мен оқытушылардың бірегей ұжымының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
  • жастардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолайлы жаңдай жасау;
  • білім алушылардың тұрмысы мен демалысын ұйымдастыру;
  • білім алушылардың біте қайнасқан, ұйымшыл ұжымын және  ол туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру мен өткізу;
  • студенттік және еңбек ұжымында білім алушыларды басқарушылық, ұйымдастырушылық, тәрбие жұмысына тарту;
  • жұмыс бағыты бойынша барлық қоғамдық комиссиялардың жұмысын, сонымен қатар өзіндік басқару, оларға тәжірибелік көмек көрсету мәселелері бойынша оқу топтарының жұмысын  үйлестіру.

 

Жастар ісі жөніндегі комитет Төрайымының міндеттері:

  •  Жастар ісі жөніндегі комитет Төрайымын колледждегі білім алушылардың өзіндік басқаруын ұйымдастыратын және басқаратын органы болып табылады.
  •  Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымының негізгі жұмыс бағыттары:

- Білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейінің артуына педагогикалық ұжымға көмек көрсету ;

- білім алушылардың бастамашылдығы мен шығармашылығын барлық колледж жастарын қоғамдық өмірге тартуы арқылы дамыту;   

- Жатақханада тұратын білім алушылардың арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

- Клубтар, үйірмелер мен секциялардың жұмысын ұйымдастыру;

- комиссия бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру.

 

Жастар ісі жөніндегі комиссия төрайымының құқықтары

Жастар ісі жөніндегі комиссия төрайымы құқылы:

  • комиссия жұмысын бағыттары бойынша басқару және олардың атқарылуы барысына бақылау жүргізу;
  • колледж әкімшілігіне ұсыныстар мен қолдауларды, сұраныстарды енгізуге, студенттік ұжымның барлық  әрекеті бойынша ұйымдастыруды жүзеге асыру, оның ішінде білім алушыларды жазалау мен ынталандыру;
  • колледждің шәкіртақылық комиссия жұмысына қатысу;
  • оқу пәндері, сабаққа қатысу, ішкі тәртіп ережелеріне бақылауды қамтамасыз ету;
  • топтарға өзіндік басқаруды ұйымдастыруда тәжірибелік көмек көрсету;
  • студенттерді үйірмелер жұмысына қатыстыру;
  • білім алушылардың өзіндік басқаруын дамыту бойынша жүйелі түрде талдау жүргізу.

 

Жастар ісі жөніндегі Төрайымының Жауапкершілігі

Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы жауапты:

  • Жастар Орталығы отырыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге;
  • комиссиялардың бағыттары бойынша жұмыстарына;
  • жұмысқа қажетті құжатнаманы жүргізуге.

 

 

Жастар Орталығы жанындағы жұмыс бағыттарының бөлімдері

  •  Өзіндік басқару жүйесінде тәжірибелік жұмысты өткізу мен ұйымдастыру мақсатында бағыт бойынша бөлімдер құрылады:

- оқу-ғылыми бөлім;

- мәдени-қоғамдық бөлім;

- еріктілер;

- спорттық және клубтық жұмыс бөілімі;

- әлеуметтік-тұрмыстық бөлім;

- ақпараттық бөлім.

 

«Шаңырақ» Жастар Орталығының бағыттары бойынша бөлім қызметтері:  Оқу-ғылыми бөлім:

- әкімшілікке оқу жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсету, оқу үрдісінің кестесін сақтау;

- оқушыларды шәкіртақыға ұсыну, шәкіртақыдан айыру, шәкіртақыға қосымша үстеме ақыларды оқу үлгеріміне байланысты тағайындауды ұсынады;

- білім алушылардың үлгерім деңгейінің төмендеу себептерін  талдайды және оқуда қалып қойғандарға уақытылы көмек көрсетеді;

- тәртіптік сипаттағы мәселерді қарастырады және колледж әкімшілігіне білім алушыларды оқудан шығару және басқа да қоғамдық ықпалы бар шараларды ұсынады;

- сайыс-байқауларды, көрмелерді өткізу және ұйымдастыру және т.б.

- оқу корпусы бойынша кезекшілікті ұйымдастырады, кабинеттердің тазалығы сапасын бақылайды;

- колледжге тіркелген аумақты тазалау мен көгалдандыруды ұйымдастыру;

- колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге жастар арасында және білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлауды өткізу;

- ашық есіктер күндерін, білім күндерін, мамандық апталықтарын, кәсіпорын басшылары мен жұмысшыларымен кездесулерді ұйымдастырып, өткізеді;

- оқу бөлімінің түлектерімен байланыс жасайды;

- колледждің кәсіптік бағдарлау жұмысына қатысып, қорытынды жасайды. 

 

  1. Мәдени-қоғамдық бөлім

-мәдени-қоғамдық сипаттағы шараларды жоспарлауға қатысады;

- оқу топтарымен бірлесе отырып қоғамдық-мәдени сипаттағы шараларды дайындауда топтардың қатысуын анықтайды;

- қызығушылықтары бойынша үйірмелер, клубтар жұмысын ұйымдастыру;

- оқу орнының тарихи жазылымын жүргізеді;

- колледж музейінің жұмысын ұйымдастыруды басқарады;

- соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастыруға қатысады;

- ұлтаралық және халықаралық байланыстардың күшеюіне ықпал ететін, білім алушыларды тәрбиелеуге ықпал ететін шараларды жүргізеді.

 

  1. Клубтық және спорттық жұмыс бөлімі

-  сауықтыру сипатындағы спорттық шараларды жоспарлап, өткізеді;

- дене тәрбиесі басқарушысына көмек ретінде түрлі спорттық жарыстарда қазылар алқасы мен қазылар бригадаларын қалыптастырады;

- сауықтыру сипатындағы шараларды өткізуді ұйымдастырады;

- спорттық секцияларды ұйымдастыру жұмысына қатысады.

 

 

  1. Ақпараттық бөлім

- колледж релакциялық ұжымының жұмысын басқарады;

- колледж сайтын ресімдейді;

- мәдени қоғамдық шаралардың ресімдеу мәселелерін шешеді, сонымен қатар, газет, плакат және басқа да басылым түрлерін өткізеді;

- ақпараттық газетті шығарады

 

  1. Еріктілер

-     әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға өз үлесін еш қайтарымсыз қосуға ұмтылу;

- аймақтарды ерікті түрде жинау, қоғамдық пайдалы шараларды, концерттерді, мүгедектерге, жетім балаларға, қарт адамдарға, айналадағы орта мен жануарларды қорғау сияқты шараларды ұйымдастыру.  

 

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық бөлім:

- жатақханада тұратындардың тұрмыстық шаруашылық жағдайларын жақсарту мәселелерін шешеді;

- білім алушылардың демалысын ұйымдастырады;

- ішкі тәртіп ережелерін сақтау мен күнт тәртібін сақтауды бақылайды;

- жатақханада ақпарат құралдары мен басылымдардың дайындалуы мен басылуын қамтамасыз етеді;

- бөлмелердің, жиһаздың, инвентарьды жөндеуді ұйымдастырады;

- колледж жатақханасында тұратындарға орындардың үлестіруде көмек көрсетеді, ішкі тәртіп ережелерін бөзғандарды жатақханадан шығару туралы шешім қабылдауға қатысады;  

- жатақхана тұратындардың кезекшілігін ұйымдастырады;

-білім алушылардың жиналыстарын ұйымдастырып, өткізеді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.04.2019 09:32
Құрылған күні: 08.04.2019 09:32

Текст