Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі МКҚК
Государственное коммунальное казенное предприятие "Сельскохозяйственный колледж, село Катарколь Бурабайского района"Акмолинской области

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледж директоры

26.02.2020

Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық жасайды.
     Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестесін, ішкі тәртіп ережелерін бекітеді. Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету және олардың жұмысын бақылау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
     Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға иелік етеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды. Білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.
     Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
     Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын ұсынады.
     Әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржы қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды.

Қабылдау уақыты: дүйсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін

Байланыс телефоны: 8 (71636)91249

E-mail: sxkolledg@mail.ru



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 26.02.2020 18:03
Құрылған күні: 12.03.2024 18:23

Текст