Құзіреттілік орталығы, (әрі қарай – Орталық) 2018 жылдың қаңтар айында колледж базасында құрылды. Орталық бір және үш ай оқу көлемінде, біліктілікті даярлау, қайта даярлау және арттыруға арналған. Даярлау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
р.с. |
Мамандық |
Біліктілігі |
1 |
«Ветеринария» |
«Жануарларды ветеринарлық емдеп-тұмдау операторы» |
2 |
«Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы» |
|
3 |
«Зертханашы» |
|
4 |
«Есеп және аудит» |
«Кассир», |
5 |
«Фермерлік шаруашылық»
|
«Тракторшы-машинист» |
6 |
«Дәнекерлеу ісі» |
«Электр газ дәнекерлеуші» (2 разряд) |
7 |
«Сүт және сүт өнімдерінің өндірісі».
|
«Сүтті пастерлеу және салқындату аппаратшысы» |
8 |
«Қаймағы алынбаған және қышқыл сүт өнімдерінің өндірісі» |
|
|
«Зоотехния» |
«Құс өсіруші» |
2018 жылы Орталықтан 78 маман шығарылды. Қазіргі кезде білім беру төрт мамандық бойынша жүргізіліп жатыр.
Құзіреттілік Орталығында Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Есіл, Бұланды, Біржан Сал аудандарының өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысының өкілдері білім алудан өтті. Орталықта жоғары білікті оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қызмет жасайды. Теориялық сабақтарды өткізу үшін Орталықта қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған, кабинеттер бар. Тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін зертханалар, шеберханалар, оқу-өндірістік фермасы пайдаланылады. Жұмыспен қамту орталықтарының мәліметтері бойынша жұмысқа орналастыру 70% құрайды. 2019 жылы Құзіреттілік Орталығы біліктілікті даярлау, қайта даярлау, арттыру бойынша Ақмола облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының реестріне енді.