«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете получить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжі» МКҚК 2025 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп Жалпы ережелер

26.02.2026

«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

ветеринария және биотехнология жоғары колледжі» МКҚК

2025 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету

 саласындағы қызмет туралы есеп

Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжі» МКҚК (Колледж). Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, Студенттер тұйығы 1А.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжі» МКҚК мемлекеттік қызметтің 10 түрін көрсетеді:

  • Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтандыруды ұсыну.

 

  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру.

 

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау.

 

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру.

 

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы телнұсқаларды беру

 

  • Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.

 

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау.

 

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау.

 

  • Білім беру құжаттары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

 

  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау.                     

 

2025 жылы колледж 476 мемлекеттік қызмет көрсетті;

  • Оның ішінде:
  • электрондық үкімет порталы арқылы - 51 мемлекеттік қызмет;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 7 мемлекеттік қызмет;
  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 200 мемлекеттік қызмет;

көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде - 218 мемлекеттік қызмет.

          2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту болған жоқ.

           Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

  1. Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласындағы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау».

2. «Білім алушылар азаматтарының жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

3. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;

4. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

            Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру бойынша маңызды аспект болып табылады.

            Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

- көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз тең қол жеткізуіне;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бюрократизм мен бұрмалаушылық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;

- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру.

            Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде https://pt0002.burabay.aqmoedu.kz/ колледждің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған және мемлекеттік қызметтер бойынша ролаптар бар. Колледждің бірінші қабатында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы барлық қажетті жабдықтармен (веб-камерамен, принтермен, сканермен, құлаққаптармен) жабдықталған. Жобалардың, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің жария талқылаулары туралы ақпарат колледждің интернет-порталында жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты тұрақты негізде хабардар ету жүргізіледі: /www.instagram.com/katarkol_college.

            2025 жылы колледж әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді алу ережелерін кезең-кезеңімен жариялап, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсіндіру бойынша жазылушылармен 5 тікелей эфир, сондай-ақ колледждің әлеуметтік желілері арқылы 7 жарияланым өткізді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық түрде көрсетілген. Колледжде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (Мемлекеттік мекеменің автоматтандырылған жұмыс орны) «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 28 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

            Колледжде «College Smart Nation» ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.       Бұдан басқа, ТжКБ-дағы қолда бар «College Smart Nation» ақпараттық жүйесі колледждердегі оқу процесін сандық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, шығаруға бұйрықтар; оқу жоспарлары, журналдар.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

            Колледжде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 5 қызметкер көрсетеді.

            2025 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

            2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағым түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мониторинг нәтижелері.

            Бекітілген 2025 жылға арналған Ішкі мониторинг жоспарына сәйкес Колледжде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тұрақты бақылау іс-шаралары өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мониторинг жүргізу кезінде ескертулер анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

            Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылған:

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қол жетімділігін қамтамасыз ету;

- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;

- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

 

 

Колледж директоры                                        Жансеитова А.С.

 

 

 

 

 

Орынд.:Мурзабекова Н.М.

87024279377



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст