«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отчет по государственным услугам за 2021 год.

24.02.2022

2021 жылға мемлекеттік сатып алу бойынша есеп

1. Жалпы ережелер

  1.  Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» МКҚК. (Колледж). Мекен-жайы: Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы,  Студенттер қалашығы 1А.
  2.   Мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат:

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» МКҚК 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2021 жылы колледж 279 мемлекеттік қызмет көрсетті;

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы - 14 қызмет;

Электронды нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет - 195 қызмет;

Қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет -70 қызмет көрсетілді;

Білім беру саласында барлық мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2020 жылы 358 қызмет көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы -                      10 қызмет;

Электронды нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет - 154 қызмет;

Қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет -194 қызмет.

3) Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында құжатарды қабылдау».

2.«Жалпыбілімдік мектептерде білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке санаттарымен тегін және жеңілдікпен тамақтануды ұсыну»;

3. «Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алушыларға жатақхана ұсыну»;

2. Қызмет алушылармен жұмыс: 

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділік орны және ақпарат көздері туралы мәлімет.

         Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат http://pt0002.burabay.aqmoedu.kz/content/normativnye-dokumenty колледждің ресми интернет ресурсында орналасқан. «Мемлекеттік қызметтер» тарауында мемлекеттік қызмет ережелері және стандарттарын көруге болады. Сондай-ақ, білім беру ұйымындағы ақпараттық қабырға көрнекіліктерінде мемлекеттік қызмет ережелері және стандарттары орналасқан. Өз-өзіне қызмет ету бұрышы қызмет жасайды.

            2021 жылы колледжбен БАҚ және әлеуметтік желілерде 3 мақала жарияланды, жұмыс берушілермен 1 дөңгелек үстел өткізілді, радио арқылы 2 апта ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарланды.

         3.  Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру бойынша қызмет.  

         1)  Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

      Жемқорлыққа тәуекелділікті төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетудің үлкен бөлігі электронды түрде көрсетілді. Колледжде 20 мемлекеттік қызметке қол жетімді, ҚР БжҒМ АРМ ММ Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс жасайды.

Колледжде  «College Smart Nation» ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.

         Сонымен қатар, «College Smart Nation» ақпараттық жүйесі  ТжКББ колледждерде санды форматта оқу үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару туралы бұйрықтар; оқу жоспарлары, журналдар.

         2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар

         Колледжде мемлекеттік қызметті қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 3 қызметкер көрсетеді, 2021 жылы мемлекеттік қызмет бойынша біліктілікті арттыру курсынан 2 қызметкер өтті.

         4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылар туралы ақпарат.

         2021 жылы мемлекеттік қызметті ұсыну туралы шағымдар түскен жоқ.

         2) Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

         2021 жылдың 04 қаңтарындағы ішкі бақылаудың бекітілген Жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау сұрақтары бойынша колледжде жүйелі түрде бақылау шаралары жүргізілді. Бақылау шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзу болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және  негізсіз бас тартулар анықталған жоқ.

         5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы түрде алуға қызмет алушылардың қанағаттанарлығын арттыру және одан әрі тиімді перспективалар

         2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанарлығын арттыру мақсатында 2022 жылдың 10 қаңтарынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жоспары бекітілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру жоспарлануда.

 

 

Колледж директорының м.а.                                Мусин Ж.М.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.02.2022 15:11
Құрылған күні: 03.03.2022 15:12

Текст