Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі МКҚК
Государственное коммунальное казенное предприятие "Сельскохозяйственный колледж, село Катарколь Бурабайского района"Акмолинской области

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құзыреттілік бойынша кәсіптік шеберліктің аймақтық чемпионаты «WorldSkills AQMOLA-2019»

20.03.2019

2019 жылдың 12 наурызынан 14 наурызына дейін Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» МКҚК базасында «Ветеринария» құзіреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің «WorldSkills AQMOLA – 2019» аймақтық чемпионаты өтті. Бұл сайыста бес колледждің өкілдері қатысты: Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы «Абай көп салалы колледжі» КМКК, Қарағанды облысы білім басқармасы «Мыңжасар Адекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» КМКК, Қостанай аудандық әкімдігі Қостанай облысы білім Департаменті Қостанай ауылшаруашылық колледжі, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Жалел Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі»КМКК, «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»КМКК. Барлығы 12 қатысушы.  Чемпионаттың міндеті:

1. Студенттердің кәсіби деңгейін арттыру;

2. Еңбекті ұйымдастыру іскерліктерін дамыту;

3. Білімдерін, іскерліктерін және еңбек дағдыларын жетілдіру;

4. Жұмыста жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылдыруды қалыптастыру;

5. Оқушылардың кәсіби даярлық сапасын анықтау;

6. «Ветеринарлық техник (фельдшер)» кәсібінің бейнесін жасау

7. Кәсіби қызметте әрі қарай өсу мотивациясын ұлғайту.

Чемпионаттың ашылу салтанатында кіріспе сөз Ақмола облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Б.С.Садвокасовқа берілді.

Чемпионаттың алғашқы күні қатысушылар ветеринарлық-диагностикалық манипуляцияларды орындады,  арнайы аппаратура және құралдарды пайдаланумен ветеринарлық емдеу-диагностикалық процестерді жүргізді, ауылшаруашылық жануарларына акушерлік көмек көрсетті.

Екінші күні қатысушылар ветеринарлық-санитарлық сараптама үшін жануарлардан алынатын өнімдердің үлгілерін анықтау жүргізді.

Сарапшы әділ - қазылар сайысқа қатысушылардың кәсіби дағдыларын бағалады. Әділ-қазылар құрамында ветеринария саласының ғылыми және тәжірибелі өкілдері болды: Сулейменов Серік Ирмашевич, ветеринария ғылымының кандидаты, Ақмола облысы ауылшаруашылық қызметкерлерінің аймақтық кәсіподақ төрағасы, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция Комитетінің экс-төрағасы, «Құрмет» орденімен марапатталған;  Ашимов Сағындық Амержанович, ветеринарлық ғылым кандидаты, Сакен Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің морфология және физиология кафедрасының доценті; Ағасұлтанов Қанат Каримович, Ақмола облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары; Каиржанов Аскер Батхоллинович, «Бурабай Ветсервис» ШЖҚ МКК директоры.

 Өткізілген сайыс күндерінің нәтижесінде қатысушылар сертификаттармен марапатталды және жүлделі орындарды иеленді:

1 орын - Шамшиев Жалғас Жеңісбекұлы, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК студенті.

1 орын-Асқарбек Тоғжан Асқарбекқызы,  «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»КМКК студенті.

2 орын -Жақан Жәнібек Әлібекұлы, Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы «Абай көп салалы колледжі» КМКК студенті

2 место- Темирхан Сұнқар, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК студенті.

3 место-Масыр Бекболат,  Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы «Абай көп салалы колледжі» КМКК студенті

3 место-Сұлтан Сұлухан Ғабиткызы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Жалел Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі»КМКК студенті

«Үздік мал дәрігері» номинациясына Төребеков Бекболат Жұмабекұлы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»КМКК студенті иеленді. «Үздік ветеринарлық сарапшы» номинациясына - Кәріпжан Аян Арманұлы, Қарағанды облысы білім басқармасы «Мыңжасар Адекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» КМКК студенті иеленді;  «Үздік ветеринарлық зертханашы» номинациясын -Кожахметов Асылхан Оралович, Қостанай аудандық әкімдігі Қостанай облысы білім Департаменті Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенті иеленді.

Просмотров: 659


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст