Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай
ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» МКҚК 2017 жылдағы мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі есебі
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын түрлі салалар бойынша сапалы, өз уақытында, қол жетімділік мүмкіндіктерін іске асыруды ұсынады: оның
ішінде білім алу, жатақханада тұру, біліктілік санаттарын (растау) беру. Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызметтің келесі түрлерін ұсынады:
– Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру;
– Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іскеасыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсын
- Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру 2017 жылы 356 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 2,9% кем болды. Оның ішінде, мемлекеттік қызметтің «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Азамматтарға арналған Үкімет»
Мемлекеттік корпорациясы арқылы екі қызмет көрсетілді, ол осы қызметтің 66,6% құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 26,6% көп қызмет көрсетілді. «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК өз құзіреттілігінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды
қамтамасыз етеді, жеке тұлғаларға әдістемелік қолдау, ақпараттық кеңес беру және мониторинг жүргізеді.
Колледжде көрсетілетін мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, тегін негізде ұсынылатынын атап өтуге болады. 2017 жылы ұсынылған мемлекеттік қызмет сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы ұсынылған есептер, берілген мәліметтерге сүйенсек, ең қажетті мемлекеттік қызмет «Техникалық және кәсіптік
білім ұйымдарында білім алушыларға жатақхана ұсыну» - жалпы саны бойынша 200 қызмет (56,1%) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» (23%) болып табылады.
Ай сайын қызмет берушілердің интернет – ресурстарына, БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдарына) мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, колледждің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» атты бөлімі бар, мұнда мемлекеттік қызметтің стандарты
және регламенті орналастырылған. Сонымен қатар, қызмет алушыларға арналған қажетті ақпараттар бар. Сондай-ақ, колледжде ақпаратты қабырға көрнекіліктерінде мемлекеттік қызметтің стандарты және регламенті орналасқан.
Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін квартал сайын шаралар жүргізіледі: (жиналыс, тәрбие сағаты, ата-аналар жиналысы, ашық есік күні), бұл шаралар мемлекеттік қызмет көрсету процесін қамтамасыз етуге бағытталған. 2017 жылы білім саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3 жиналыс жүргізілді,
бұл өткен жылдармен салыстырғанда 42 % кем болғандығын көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынушы тұлғалардың ақпараттары және сапасының жақсарғанын көрсетеді. Есеп беру жылында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан үш адам өтті.
Колледжде ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасы үшін ішкі бақылау жүзеге асырылған, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша жауапты тұлғалара бекітілген. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және өз уақытында болуына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні, колледжде мемлекеттік қызмет көрсету өз уақытында және жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.