21 қарашадан 23 қараша аралығында 1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде колледж жұмысын бағалау бойынша ҚР аккредиттеу және рейтингінің Тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия колледждің материалдық- техникалық базасымен, «Есіл-Агро» ЖШС әлеуметтік серіктестіктердің жұмыстарымен танысты.
Комиссия оқытушылар Ю.Н.Петрованың, О.Н.Никифорованың сонымен қатар, оқытушылар Н.С.Мухажановтың, Б.С.Кабдыраховтың оқу тәжірибелеріне қатысты. Сонымен қатар, колледж түлектері, оқушылар, оқытушылар, әкімшілікпен және колледждің басқа қызметкерлерімен әңгіме жүргізілді. Тәуелсіз комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша колледждің қызметі бойынша жағымды ұсыныстар айтылды және 30 қарашада колледж «Ветеринария» мамандығы бойынша 5 жылға аккредиттелді.