2017 жылдың 12 қазанында Ауылшаруашылық колледжіне «Серпін-2050. Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы штабының өкілі, ұлттық бағдарламалар басшысы Тобатаева Г.К. ханым мен Ақмола облысы білім Басқармасының ТжКБ бас маманы Е.Е. Токеев мырза келіп кетті.
Шара аясында «Серпін» бағдармасы бойынша білім алып жатқан «Ветеринария» мамандығы студенттерімен кездесу
ұйымдастырылды. Кездесу барысында Г.К. Тобатаева ханым коллдждегі оқу, кәсіби тәжірибеден өту мәселелерін көтерді, түлектердің әрі қарай жұмысқа орналасу мен шетел ЖО оқуды жалғастыру мүмкіндіктерін сипаттап берді.
Колледж студенттері кездесу барасында белсенді болды, көкейперін мазалаған сұрақтарын қойды.
Кездесу жатақхана жаздайымен танысумен жолғасты, студенттер өздерінің тұрмыстық жаздайкарын көрсетіп, баяндар берді. Колледж әкімшілігі Г.К. Тобатаева ханымның «Серпін-2050. Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен жеке сөйлесу өткізу үшін жағдай жасалды.