2018 жылдың 09 қаңтарында Ақмола облысы Бурабай ауданы «Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Б. Косаревтің басшылығымен Қазақстан Коммунистік халық партиясының делегациясы келді.
Делегация өзінің келуі барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен, атап айтқанда,
анатомия кабинеті, ветеринарлық-санитарлық сарапатама, малшаруашылығы, фармакология, індеттану
кабинеті, информатика кабинеттерімен танысты, сондай-ақ жатақхана және мұражайды аралады.
Сонымен қатар, колледждің оқу залында делегация колледж қызметкерлерімен, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары М.Б. Нурпановамен, ТжКБ бөлімінің бас маманы М.Х.Тоқсанбаевпен, Қазақстан КХП
обкомының бірінші секретары Б.Д. Мажитовпен, Қатаркөл ауылының әкімі М.С. Құсайыновпен БАҚ
өкілдерінің қатысуымен кездесу жүргізілді.
Кездесуде ауылшаруашылығы үшін кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері, ауылды сумен қамтамасыз ету, ауылда ауылшаруашылық кооперативтерін құру идеялары талқыланды. Парламент депутаты В.Б. Косарев «Зооветеринарлық техник» біліктілігімен, ауылшаруашылығында қажет етілетін Зооветеринария» жаңа мамандығын ашу керектігі туралы ұсынысын айтып өтті.